ММА

Азат Мақсұм UFC-дегі екінші жекпе-жегі үшін қомақты сыйақы алады

Азат Мақсұм UFC-дегі екінші жекпе-жегі үшін қомақты сыйақы алады
sports.kz

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Азат Мақсұм UFC-дегі екінші жекпе-жегі үшін қомақты сыйақы алады, деп жазады The Sports Grail.

28 жастағы отандасымыз жекпе-жегі үшін 16 мың доллар еншілейді. Оның 12 мыңы гонорары болса, 4 мыңы демеушілік сыйақы.

Ал Чарльз Джонсон екеуі арасындағы кездесу турнирдің үздік жекпе-жегі мәртебесін иеленді. Бұл үшін спортшыларға 50 мың АҚШ доллары көлемінде сый беріледі. Барлығын қоса алғанда Азат екінші жекпе-жегінде 66 мың доллар табыс көрді.

Айта кетейік, 2022 жылдың қараша айында Чарльз Джонсон қазақстандық Жалғас Жұмағұловты да жеңіп кеткен еді.

Басқа спорттық жаңалықтар