Теннис

Қазақстандық Скатов Дэвис кубогінде Аргентинамен есепті теңестірді

Қазақстандық Скатов Дэвис кубогінде Аргентинамен есепті теңестірді
ҚТФ

Аргентинаның Росарио қаласында Дэвис кубогінің іріктеу кезеңіндегі жұптық сында Александр Недовесов – Дмитрий Попко аргентиналықтар Максимо Гонсалес – Андрес Мольтенимен ойнады.

Корт қожайындары бұл матчте фаворит еді. Екі сағат 40 миунт өткен тартысты ойында аргентиналықтар  6:4, 6:0 есебімен ұтты. Осылайша, матчта Аргентина 2:1 есебімен алға шықты.

Бұдан кейін қазақстандық Тимофей Скатов пен әлемнің 22-ракеткасы Франсиско Серундоломен ойнады. Екі сағаттан аса созылған мачте қазақстандық теннисші 7:6 (7:1), 6:4 есебімен басым түсіп, Қазақстан – Аргентина матчындағы есепті – 2:2 қылды.

Матч тағдыры бесінші кездесуде шешіледі.

Басқа спорттық жаңалықтар