Футбол

Тарихтағы ең мықты голкиперлер рейтингі жарияланды

Тарихтағы ең мықты голкиперлер рейтингі жарияланды
iStock

Ұлыбританияның FourFourTwo басылымы футбол тарихындағы ең үздік қақпашылар рейтингін жариялады.

Басылым түзген рейтингте ең үздік қақпашы көшін Лев Яшин бастаған. Кеңес Одағы құрамасында ойнаған қақпашы 1960 жылы Еуропа чемпионы болған. Футбол тарихында "Алтын доп" алған жалғыз қақпашы. Екінші орында – Мануэль Нойер. Жуырда ғана Германия құрамасындағы мансабын аяқтаған голкипер әлемдегі үздік қақпашылардың бірі болып қала берді. Үштікті бұрынғы ағылшын қақпашысы Гордон Бэнкс түйіндеп тұр.

Футбол тарихындағы 10 үздік қақпашы тізімі төмендегідей:

1. Лев Яшин

2. Мануэль Нойер

3. Гордон Бэнкс

4. Икер Касильяс

5. Рикардо Самора

6. Зепп Майер

7. Джанлуиджи Буффон

8. Петр Чех

9. Петер Шмайхель

10. Дино Дзофф

Басқа спорттық жаңалықтар