Футбол

Андрес Иньеста карьерасын аяқтағанын ресми хабарлады

Андрес Иньеста карьерасын аяқтағанын ресми хабарлады
EPA

Испания құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста футболшы карьерасын аяқтағанын әлеуметтік желі арқылы ресми хабарлады.

39 жастағы жартылай қорғаушы 1996 жылдан 2018 жылға дейін «Барселона» жүйесінде болды. Осы кезеңде ол ересектер командасы сапында барлық турнирде 674 матчқа қатысып, 57 гол соғып, 136 нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ, Андрес жапониялық «Виссел Кобе» сапында өнер көрсеткен, онда испан футболшысы барлық турнирде 134 матчқа қатысып, 26 гол соғып, 25 нәтижелі пас берді.

Иньестаның соңғы клубы «Эмирейтс» (БАӘ) командасы болды, ол 23 матчта 5 гол соғып үлгерді.

Испания құрамасы сапында Иньеста екі рет Еуро чемпионы атанды және әлем чемпионатында жеңімпаз болған.

Басқа спорттық жаңалықтар