"Ладаны" ұтқан "Барыс" ҚХЛ-де жеңіліс сериясын үзді
Астаналық "Барыс" ҚХЛ-дің тұрақты чемпионатындағы матчте "Сочи" командасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық команда сырт айдындағы ойында 5:3 есебімен басым түсті. Гол авторлары: Кирилл Савицкий (14-минут), Райли Барбер (19), Понтус Оберг (37 және 59) және Батырлан Мұратов (47).
Ал ұтылған командадан Сергей С. Попов (35), Джесси Грэм (39) және Матвей Мичков (60) көзге түсті.
Осы жеңіс арқасында Ғалым Мәмбеталиевтің шәкірттері қатарынан үш ұтылыс сериясын үзді. Бұған дейін астаналықтар тольяттилік "Лада" (1:2), магнитогорлік "Металлург" (3:4) және ярославльдік "Локомотивке" (0:6) есе жіберген болатын.
Бұл матчтен кейін командалар турнир кестесінде өз орындарын сақтап қалды - "Сочи" (23 ұпай) Батыс конференциясында алтыншы, ал "Барыс" (18 балл) Шығыста 11-орында.
"Барыс" келесі матчін бейжіңдік "Куньлуньмен" 22 қазанда өткізеді.