ХК "Барыс"
«Барыс» ҚХЛ-де қатарынан бесінші рет ұтылды

«Барыс» ХК
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 7 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізді.
Қазақстандық Максим Мухаметов 8-минутта есеп ашса, 10-минутта Майкл Маклауд басымдықты арттырды. Одан кейін ресейлік клубтан Ник Эберт 14-минутта мергендік танытты.
Үшінші кезеңде «Барыс» хоккейшісі Станислав Бочаров 46-минутта гол соққанымен, одан кейін ресейлік клубтан Семён Кизимов 46, Анатолий Голышев 52, Брендан Лайпсик 54-минутта үш шайба енгізді.
Осылайша елордалық клуб қарсыласына 3:4 есебімен есе жіберіп, жаңа маусымдағы 12-рет ұтылып отыр.