Футбол

"Реал" Мбаппеге қатысты қандай әрекетке көшкені айтлды

ligue1.com

Танымал журналист және инсайдер Фабрицио Романо ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппенің Мадридтік "Реалға" ауысуы мүмкін екенін жазды.

"Ең сенімді инсайдер Романо өзінің әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) "Сахна артында "Реал Мадрид" өте қатты жұмыс істеп, Килиан Мбаппені сатып алу үшін келіссөздер жүргізуде. Бұл істі "Реал" бастады", - деп жазыпты ол. 

Бұған дейін Мбаппе ақпан айында өзінің болашағы туралы ашық мәлімдеме жасауға дайын екені белгілі болды, ал "Реал Мадрид" ойыншының трансферін жарияламақшы.

Биылғы маусымда Мбаппе клуб сапында барлық жарыстарда 28 матч өткізіп, 29 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.

Transfermarkt интернет-порталының мәліметі бойынша қазіргі таңда ойыншының бағасы 180 миллион еуроны құрайды. 

Басқа спорттық жаңалықтар