Кәсіби бокс
Ангелина Лукас әлем чемпионы атағын жеңіп алды
instagram.com/angelina_lukas1997
Қазақстандық бұрымды Ангелина Лукас (10-1, 5 КО) Бангкокта (Таиланд) өткен бокс кешінде әлем чемпионы атағын жеңіп алды.
Лукас аргентиналық Дебора Анаи Лопеспен (21-2-1, 1 КО) екінші өте жеңіл салмқатағы IBO титулы үшін жекпе-жек өткізді. Екі минуттан он раундқа есептелген айқаста төрешілер шеміміен қазақстандық боксшы жеңіске жетті.
Осылайша, Лукас кәсіпқой карьерасында он бірінші айқасында жеңіп, IBO чемпионы атанды. Лопес кәсіпөойда үшінші рет жеңілді.
Ангелина бұған дейін WIBF және WBF титулдарын жеңіп алған болатын.