Дзюдо

Қазақстандық жас дзюдошылар әлем чемпионатын екі жүлдемен аяқтады

Қазақстандық жас дзюдошылар әлем чемпионатын екі жүлдемен аяқтады
Халықаралық дзюдо федерациясы

Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан командасы турнирде екі жүлдемен ерекшеленді. Қазақстандық спортшылар Талғат Орынбасар (60 келіге дейінгі салмақта) және Азат Күмісбай (81 келіге дейінгі салмақта) қола жүлдегер атанды.

Жалпы есепте отандық құрама 15-ші орынға табан тіреді. Бірінші орынды алты «алтын», бес «күміс» және бір «қола» алған Жапония құрамасы иеленді.

Басқа спорттық жаңалықтар