Футзал

Футзалдан Бразилия құрамасы әлем чемпионатын алтыншы рет жеңіп алды

Футзалдан Бразилия құрамасы әлем чемпионатын алтыншы рет жеңіп алды
ФИФА

Өзбекстанда өткен футзалдан 10-әлем чемпионатында финалда Аргентинаны ұтқан Бразилия құрамасы алтыншы рет әлем чемпионы атанды.

Финал Ташкенттегі "Хумо" аренасында өтті. Финалдық ойында Бразилия Аргентинаны 2:1 есебімен жеңді.

Бразилия құрамасынан Феррао мен Рафа гол соқса, Аргентинадан Матиас Роза ұпай әкелді.

Осымен Бразилия құрамасы өз тарихында алтыншы рет әлем чемпионы атанып отыр.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінің ширек финалында Аргентинадан 1:6 есебімен жеңіліп қалған еді.

Басқа спорттық жаңалықтар