Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Шанхайдағы төрт құрлық чемпионатында 17-орын алды

Бүгін Шанхайда мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионатында әйелдер арасында жарыс өтті.
Қазақстан намысын үш мәнерлеп сырғанаушы қорғады. София Фарафонова 90,22 ұпай жинап, 18-орынға тұрақтады. Анна Левковец 72,51 ұпаймен 22-орында. Нұрия Сүлеймен 23-орын (70,29 ұпай) алды.
Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша София Фарафонова 17-орын, Нурия Сүлеймен 22, Анна Левковец 23-орын алды.
Шанхайдағы төрт құрлық чемпионаты. Еркін бағдарлама. Әйелдер
1. Монэ Тиба (Жапония) - 143.88
2. Ринка Ватанабэ (Жапония) - 134.95
3. Ким Чхэён (Оңтүстік Корея) - 134.91
...18. София Фарафонова (Қазақстан) - 90.22
...22. Анна Левковец (Қазақстан) - 72.51
23. Нурия Сулеймен (Қазақстан) - 70.29
Жалпы есеп:
...17. София Фарафонова (Қазақстан) - 137.79
...22. Нурия Сулеймен (Қазақстан) - 115.98
23. Анна Левковец (Қазақстан) - 112.07
Дереккөз: prosports.kz