Футбол

Абат Аймбетов ресми түрде түркиялық клуб сапына қосылды

Абат Аймбетов ресми түрде түркиялық клуб сапына қосылды
instagram.com/adskulubu

Түркиялық "Адана Демирспор" Қазақстан құрамасы мен "Астана" шабуылшысы Абат Аймбетовті сапына қосты.

"Аданы Демирспор" мәліметінше, келісімшарт әзірге 1,5 жылға жасалды.

"Отбасымызға қош келдің! Сәттілік тілейміз!", - делінген клуб хабарламасында.

 "Адана Демирспор" 23 матчте 31 балл жинап, Түркия Суперлигасында сегізінші орында келеді. 

Басқа спорттық жаңалықтар