Футбол
«Шахтер» сербиялық футболшымен толығуы мүмкін
"Велес" ФК
Қарағандылық «Шахтер» клубын сербиялық қорғаушы Филип Стаменковичті сапына қосуы мүмкін. Команда футболшыны сынап көріп жатыр, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
25 жастағы ойыншының кейінгі клубы өзбекстандық «Металлург» болды. Стаменкович Бекабад қаласының командасы сапында жалпы 5 кездесу өткізіп, нәтижелі әрекеттермен көзге түсе алмады.
Футболшы ресейлік «Велес», сондай-ақ сербиялық «Раднички Белград», «Динамо» Вране және «Златибор» сияқты клубтарда өнер көрсеткен.
Айта кетейік, 2023 жылы желтоқсанда Стаменкович қызылордалық «Қайсарда» қаралымнан өткен, бірақ тараптар келісімшарт жасаспады.