Дзюдо

Азат Күмісбай әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Азат Күмісбай әлем чемпионатының жүлдегері атанды
Орталық коммуникациялар қызметі

Қазақстандық дзюдошы Азат Күмісбай Душанбедегі (Тәжікстан) жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде қола жүлде жеңіп алды.

Ол 81 келіге дейінгі салмақта жетістікке жетті. Қола жүлде үшін күресте Азат тәжікстандық Сунатулло Мусоевтан басым түсті.

Айта кетелік, бұған дейін әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар да үшінші орын алған еді.

Басқа спорттық жаңалықтар