Бокс

Махмұт Сабырхан финалда жеңіліп қалды

 Махмұт Сабырхан финалда жеңіліп қалды
Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан Шымкентте өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалында жекпе-жек өткізді.

Алтын үшін шешуші айқаста Махмұттың қарсыласы өзге қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов болды. Үш раунд қорытындысы бойынша Асылқұлов жеңімпаз атанды.

Еске салайық, жарыс алдында бас бапкер Қайрат Сәтжанов Шымкенттегі турнир қорытындысы бйоынша 11 қараша мен 12 желтоқсан аралығы Амманда (Иордания) өтетін Азия чемпионатына қатысатын боксшылар іріктелетінін айтқан еді.

Басқа спорттық жаңалықтар