Мәнерлеп сырғанау
Төрт құрлық чемпионаты: Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар еркін бағдарламада сайысады
Қытайдың Шанхай қаласындда өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионатынында қысқа бағдарламаның қорытындысы бойынша қазақстандық үш спортшы еркін бағдарлама бөліміне жолдама алды.
Ел құрамасынан әйелдер арасында қысқа бағдарламада өнер көрсеткен София Фарафонова 18-орын алды.
Ал Нұрия Сүлеймен 19-шы орынға жайғасса, Анна Левковец 24-орынға табан тіреді.
Осылайша, қазақстандықтар 24 спортшының қатарына еніп, енді еркін бағдарламада бағын сынайды.
Айта кетсек, 2019 жылы аталған додада ерлер арасында Денис Тен 2015 жылы чемпион атанса, қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева жеке сырнағауда күміс жүлде алды.
Дүбірлі дода 1999 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Дереккөз: kaz.inform