Бокс

Махмұттың артынша Бибосынов та халықаралық турнир финалына өтті

Махмұттың артынша Бибосынов та халықаралық турнир финалына өтті

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Шымкентте өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалына өтті.

54 келі салмақтағы жартылай финалда Сәкен өзге қазақстандық Кәрім Серкебайдан басым түсті.

Енді финалда Бибосынов тағы бір қазақстандық боксшы, былтыр Астанада жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанған Нұрсұлтан Алтынбековпен жұдырықтасады.

Бибосынов - 2021 жылғы әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері және Азия чемпионатының қола мен күмісін алған (2021, 2022).

Басқа спорттық жаңалықтар