UFC

UFC-де қазақ спортшылары дағыстандықтарды алмастырған

UFC-де қазақ спортшылары дағыстандықтарды алмастырған

UFC-де қазақстандық файтерлердің саны соңғы уақытта күрт көбейген. Бұл туралы X әлеуметтік желісіндегі LudisChartaMMA парақшасында айтылған.

Мұндай мәлімдеме күні кеше Бекзат Алмаханның OCTAGON лигасынан UFC-ге ауысуынан кейін жасалған.

«Алғашқы лекте Дағыстан спортшылары көп болды. Енді қазақстандық жауынгерлер UFC-ге жаппай келіп жатыр. Жуырда біз UFC Vegas 85 турнирінен Азат Мақсымды көре аламыз. Ал, Шавкат Рахмонов 2024 жылы «алтын» жолындағы жорығын аяқтайды», - деп жазылған дереккөзде.

Қазіргі уақытта UFC-де Шавкат Рахмоновтан бөлек Асу Алмабаев, Сергей Морозов, Мария Агапова сынды Қазақстан атынан аралас жекпе-жек шебелері сынға түсіп жүр.


Дереккөз: 1bol.kz

UFC

Басқа спорттық жаңалықтар