Дзюдо

Даңқты дзюдошы Тедди Ринер Алматыдағы жаттығуын аяқтады

Даңқты дзюдошы Тедди Ринер Алматыдағы жаттығуын аяқтады

Дзюдодан үш дүркін Олимпиада чемпионы Тедди Ринер Алматыдағы жаттығуы аяқталғанын мәлімдеді.

Қаңтар айының 18-30 күндері аралығында Алматыдағы дзюдо академиясында жаттыққан әйгілі балуан 2-4 ақпан күндері аралығында Парижде өтетін Гранд Слэм бәсекесінде белдесуді көздеп отыр.

Француз спортшысы 2023 жылдың басында да Алматыда оқу-жаттығу жиындарын өткізген еді. Сол жолы ол аса ауыр салмақтағы қазақстандық бірнеше дзюдошымен спарринг жаттығулар жасады.

Сондай-ақ, Тедди Ринер өзінің бесінші Олимпиадасына дайындалып жатқанын атады. Француз спортшысы бұл сынның өзі үшін аса маңызды екеніне тоқталды.

Айта кетейік, бұған дейін француз дзюдошысы UFC ұсынған 15 млн еуродан бас тартқан еді. Ол дзюдодан басқа спортқа бармайтынын мәлімдеді.


Басқа спорттық жаңалықтар