Қазақстандық екі Александр Монпелье турнирінің ширек финалында кездеседі
Қазақстандықтар, әлемнің 59-ракеткасы Александр Шевченко Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 104-ракеткасы, франциялық Грегуар Баррермен кездесті.
Шевченко бірінші партияда тай-брейкте әбжілдік танытты - 7:6 (7:3). Екіншісінде франциялық спортшы қарымта қайырды - 6:2. Шешуші, үшінші партияда Шевченко брейк жасап, басымдылығын сақтап қалды - 6:3.
Екі сағатқа созылған матчта Шевченко 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың біреуін пайдалана білді. Қарсыласы 2 эйс, 2 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.
Осылайша, жарыстың ширек финалында Александр Шевченко мен Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик өзара кездеседі. Қай жеңгені жартылай финалға өтеді.
Дереккөз: kaz.inform