Қазақстан футболы

Қазақстан Футбол федерациясы «Олимпбетпен» соттасуы мүмкін

Қазақстан Футбол федерациясы «Олимпбетпен» соттасуы мүмкін

Қазақстанның Футбол федерациясы «Олимпбет» букмекерлік кеңсесімен соттасуы мүмкін.

Айта кету керек, аталған компания футболдан Қазақстан Премьер-лигасының басты демеушісі. Сондықтан ҚПЛ-дің ресми атауы да «OLIMPBET» деп аталады. Өз кезегінде Мәжіліс депутаттары бұл жайтқа қарсылық білдірген.

«Қазақстан футбол федерациясы Олимпбет букмекерлік кеңсесімен соттасуы мүмкін. Чемпионаттың атауынан Олимпбетті алып тастау бойынша қызу талқы болып жатыр. ҚФФ Олимпбетпен арадағы келісім-шартты үзгісі келетінін байқатты. Өйткені, ҚФФ-да қазір басшылық ауысқан. Осының алдындағы басшылық тиімсіз келісімдерге қол қоя бергенге ұқсайды», - деп жазылған дереккөзде.

Ал, Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы болса Қазақстан чемпионатының атауын өзгертуді талап етіп отыр. Туризм және спорт министрлігі депутаттың бұл талабы орындалу керектігін де жеткізіп отыр.


Дереккөз: 1bol.kz

Басқа спорттық жаңалықтар