Кәсіби бокс

Әлімханұлы салмақ өлшеуден сәтті өтті

Әлімханұлы салмақ өлшеуден сәтті өтті
reviewjournal.com

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жаңа зеландиялық Андрей Михайловчпен (21-0, 13 КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімін өтті.

Бұл айқас 4 қазан Сиднейде (Аустралия) өтеді, онда Жәнібекке тиесілі WBO және IBF титулдары сарапқа салынады.

Жәнібектің салмағы 72,38 келі, ал оның қарсыласы сәл ауыр тартты - 72,54 келі. Осылай екеуі де салмақ лимитін орныдады (72,57 кг).

Еске салайық Әлімханұлы - Михайлович жекпе-жегі шілдеде өту керек еді, алайда қазақ боксшының салмақ түсіруі сәтсіз болып айқас кейінге қалған еді.

Басқа спорттық жаңалықтар