Дзюдо

Ақтауда дзюдодан Азияның ашық кубогі өтеді

Ақтауда дзюдодан Азияның ашық кубогі өтеді
olympic.kz

12-13 қазан күндері Ақтауда дзюдодан әйелдер мен ерлер арасындағы Азияның ашық кубогы өтпек.

Бұл турнир Халықаралық дзюдо федерациясының спорт кестесіне енген. Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған турнирге Әзербайжан, Гонконг, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 200-ге жуық спортшы қатысады.

Халықаралық дзюдо федерациясының ережелері бойынша рейтингтік саналатын турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бірінші орын үшін 100 ұпай, екіншіге 70 ұпай, ал үшінші орынға 50 ұпай алады.

Жарыс кестесі:

12 қазан Ерлер: -60 кг, -66 кг, -73 кг

Әйелдер: -48 кг, -52 кг, -57 кг, -63 кг

10:00 - жарыстың басталуы, 16:30 - ресми ашылу рәсімі, 17:00 - финал

13 қазан Ерлер: -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг

Әйелдер: -70 кг, -78 кг, +78 кг

10:00 - белдесулердің басталуы, 17:00 - финал.

Басқа спорттық жаңалықтар