Жеңіл атлетика

Қазақстандық легионер Дэйзи Джепкемей Франциядағы жарыста бірінші болды

Қазақстандық легионер Дэйзи Джепкемей Франциядағы жарыста бірінші болды
Sports.kz

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының өкілі Дэйзи Джепкемей Францияның Бельфор қаласында өтіп жатқан жартылай марафонның жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚР ҰОК ресми сайты.

Дэйзи Джепкемей белгіленген межені 1 сағат 7 минут 54 секундта жүгіріп өтіп, бірінші болып келді. Екінші орынды Угандадан келген Аннет Челангат алды. Оның нәтижесі – 01:09:58.

Эфиопиялық Меселу Кахсай қола жүлдеге ие болды (01:10:18). Дэйзи Джепкемей жазда өткен Париждегі Олимпиада ойындарына қатысты. 3000 метрге кедергілермен жүгіруден финалдық кезеңге шыға алмады, ал 10 000 метрге жүгіруде 17-ші болып келген еді.

Басқа спорттық жаңалықтар