Бокс

Талғат Сырымбетов Шымкентте екінші өзбек боксшыны жеңді

Талғат Сырымбетов Шымкентте екінші өзбек боксшыны жеңді
Olympic.kz

Талғат Сырымбетов Шымкентте Қарақозы Абдалиевті еске алуға арналған бокстан халықаралық турниріндегі 1/4 финалдық жекпе-жегін өткізді.

Қазақстандық боксшы жартылай финалға жолдама үшін өзбекстандық Самандар Ешмуродовпен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша Сырымбетов жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл Талғаттың осы жарыстағы екінші өзбек қарсыласы, 1/8 финалда Сырымбетов кәсіпқойда өнер көрсететін өзбекстандық Абдували Бурибоевті жеңген болатын.

Турнир 5 қазанға дейін өтеді, ал жарысқа 100 аса боксшы қатысып жатыр.

Басқа спорттық жаңалықтар