Футбол

"Тобыл" сапын еуропалық қорғаушымен күшейтті

ТАСС

Қостанайлық "Тобыл" футбол клубы сербиялық орталық қорғаушы Иван Миладиновичті сапына қосты. 

"Миладинович Сербияның Чуприя қаласында дүниеге келген. Футболдағы алғашқы қадамын «Ягодина» жасөспірімдер командасында бастады. Кейін Сербия ойыншысы «Табане», «Слога» және «Раднички» сияқты клубтарда ойнады.

2018 жылы ресейлік «Сочи» клубымен келісім-шартқа отырды. Содан кейін ол «Нижний Новгородта» бір жыл өткізіп, «Сочиге» қайта оралды. «Сочи» сапында Иван 116 матчта алаңға шығып, 3 гол соқты, 4 нәтижелі пастың авторы атанды", - делінген қостанайлық клуб хабарламасында.

Басқа спорттық жаңалықтар