Кәсіби бокс

Қазақстандық кәсіпқой қарсыласын 12 секундта нокаутпен жеңді

Қазақстандық кәсіпқой қарсыласын 12 секундта нокаутпен жеңді
Sports.kz

Ауыр салмақтағы қазақстандық бкосшы Асхат Жантұрсынов (7-1, 6 КО) кезекті жекпе-жегінде нокаутпен жеңіске жетті.

Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен бокс кешінде ол грузиялық Мугавил Мусаевпен (3-2, 2 КО) жұдырықтасты.

Суперауыр салмақтағы жекпе-жек алты раундқа есептелген болатын, алайда қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта-ақ сұлатты. Нақты айтқанда грузиялықты 12 секундта сұлатты.

Осылайша, Жантұрсынов карьерасында жетінші рет жеңіске жетті, ал Мұсаев карьерасында екінші рет жеңілді.

Басқа спорттық жаңалықтар