Теннис

Бублик Монпельедегі ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті

Бублик Монпельедегі ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті
Reuters

Ерлер арасында қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Монпельедегі ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті.

Жарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші канадалық Денис Шапаваловпен кездесіп, екі жарым сағатқа созылған тартысты кездесуде 7:6 (14:12), 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Енді Бублик жартылай финалға жолдаманы Александр Шевченко - франциялық Грегуар Баррер кездесуінің жеңімпазымен сарапқа салады. 

Басқа спорттық жаңалықтар