Бокс

Махмұт Сабырхан Шымкентте қарсыласын нокаутпен жеңді

Махмұт Сабырхан Шымкентте қарсыласын нокаутпен жеңді
Instagram/qaz_team_official

Қазақстандық Махмұт Сабырхан Шымкентте өтіп жатқан халықаралық турнирде ширек финалдық айқасын өткізді.

57 келіде Махмұттың қарсыласы қырғызстандық Эльхан Молдогазиев болды.

Бұл жекпе-жект қазақстандық боксшының басымдығы айқын болды. Қырғызстандық боксшы көптеген соққы өткізіп алып, көзі көгеріп қалды. Ал екінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылай Махмұт техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Ертең, 3 қазанда Махмұт Сабырхан украиналық Олег Чулачеевпен финалға жолдаманы сарапқа салады.

Басқа спорттық жаңалықтар