ММА

Дияр Нұрғожай UFC-ге үміткерлік айқаста қарсыласын нокаутқа түсірді

Дияр Нұрғожай UFC-ге үміткерлік айқаста қарсыласын нокаутқа түсірді
Трансляциядан кадр

Жартылай ауыр самлақтағы қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай (10-0) Лас-Вегаста өткен Дана Уайттың үміткерлер сериясының (DWCS) сегізінші маусымындағы турнирде жеңіске жетті.

Қазақ спортшының қарсыласы польшалық Бартош Шевчик (8-3-1) болды, Дияр оны екінші раундта нокаутқа түсірді. Алдымен Дияр қарсыласын теуіп құлатты да, жекпе-жекті аяқтау үшін соққы жасай бастағанда төреші кездесуді тоқтатты.

Бұл қазақстандық файтердің ММА-дегі оныншы жеңісі, оның сегізін мерзімінен бұрын аяқтаған - 6 нокаут пен 2 сабмишен.


Басқа спорттық жаңалықтар