Жасөспірімдер Олимпиадалық Ойындары

Канвон-2024: Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 19-орынға сырғыды

 Канвон-2024: Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 19-орынға сырғыды

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының 12- күні Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 19-орынға сырғыды.

Қазірге дейін Канвон Олимпиадасының медалін 32 ел алып үлгерген. Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 қола медальмен жалпы медальдар кестесінде Чехия және Польша құрамаларымен бірге 19-орынды өзара бөлісіп тұр.

Ал, жалпыкомандалық есепте Италия құрамасы көш бастап келеді. Олардың еншісінде 11 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль бар. Ал екінші орында 8 алтын, 5 күміс, 6 қола медальмен Германия құрамасы келе жатса, үздік үштікті 7 алтын, 4 күміс, 6 қола медальмен Франция құрамасы түйіндеп тұр.

Медальдар кестесіндегі алғашқы ондыққа енген елдер:

  • 1) Италия — 11 алтын, 3 күміс, 4 қола (18)

2) Германия — 8 алтын, 5 күміс, 6 қола (19)

3) Франция — 7 алтын, 4 күміс, 6 қола (17)

4) Қытай — 6 алтын, 9 күміс, 3 қола (18)

5) Австрия — 5 алтын, 6 күміс, 5 қола (16)

6) Оңтүстік Корея — 5 алтын, 6 күміс, 4 қола (15)

7) АҚШ — 4 алтын, 9 күміс, 4 қола (17)

8) Швеция — 4 алтын, 4 күміс, 3 қола (11)

9) Канада — 3 алтын, 2 күміс (5)

10) Ұлыбиртания мен Нидерланд өзара бөлісіп тұр. Олардың еншісінде 3 алтын 1 күміс, 1 қола (5) медальдардан бар.

Айта кетейік, ертең, яғни 1 ақпан күні Канвон Олимпиадасы мәресіне жетеді.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар