ХК "Барыс"
«Барыс» сапын канадалық қорғаушымен толықтырды

"Барыс" ХК
Ресейлік хоккей комментаторы Никита Филатов өзінің Telegram-арнасында канадалық қорғаушы Алекс Гранттың «Барыс» оралғанын хабарлады.
«Барыс» канадалық қорғаушы Алекс Грантпен келісімшартқа отырды. Грант бұған дейін «Барыс» сапында ойнап, 41 матч өткізіп, 19 ұпай жинаған», - депті Филатов.
Биылғы маусымдағы ҚХЛ тұрақты маусымының басында астаналық клуб бес ұпай жинап, 11 матчтың тоғызында жеңіліп, Шығыс конференциясының соңғы, 12-ші орнында тұр.