Бокс

Айбек Оралбай жаңа салмақта қарсыласын нокаутқа түсірді

Айбек Оралбай жаңа салмақта қарсыласын нокаутқа түсірді
ҚР ҰОК

Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны Айбек Оралбай Шымкентте өтіп жатқан Қарақозы Абалдиевті еске алуға арналған турнирде жекпе-жек өткізді.

92 келіден аса салмақтағы 1/8 финалда Айбектің қарсыласы украиналық Кирилл Стоянцев болды. Бұл кездесуде қазақ боксшы бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Енді Айбек 2 қазанда өтетін 1/4 финалда түркиялық Айдемир Угурмен жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, Айбек Париж Олимпиадасынан кейін салмақ категориясын ауыстырды, бұған дейін ол 92 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан.

Сонымен қоса, ол Асыланбек Шымбергеновтің орнына бокстан Қазақстан құрамасының капитаны болды.

Басқа спорттық жаңалықтар