Бокс

Тұрсынбай Құлахмет Шымкенттегі турнирде қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді

Тұрсынбай Құлахмет Шымкенттегі турнирде қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді
olympic.kz

Шымкентте Кеңес Одағының батыры Қарақозы Абалдиевті еске алуға арналаған бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр.

Бұл турнирде 80 келі сламақтың 1/4 финалында қазақстандық боксшылар Тұрсынбай Құлахмет пен Нұрсұлтан Бейсенбаев жұдырықтасты. Жекпе-жек кезінде Бейсенбаев екі рет нокдаунға түсті.

Осылай, Тұрсынбай төрешілердің бір ауыздан шыққан шешімімен жеңіске жетті.

Еске салайық, Тұрсынбай Құлахмет 2019 жылғы Азия чемпионы және сол жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Қазіргі таңда ол кәсіпқойда да өнер көрсетіп, сегіз жекпе-жек өткізген, оның жетеуінде жеңіске жетіп (бес нокаут), біреуінде есе жіберді.

Басқа спорттық жаңалықтар