Футбол

«Ертіс» футбол клубы бірінші лигаға көтерілді

«Ертіс» футбол клубы бірінші лигаға көтерілді
KazFootball.kz

«Ертіс» командасы Екінші лиганың ХХІІ турында «Қызыл-Жар» жастар командасын 3:0 есебімен ұтты.

Осылайша, павлодарлық клуб «Солтүстік-Шығыс» конференциясында топ жарып отыр.

Қазақстанның бес дүркін чемпиондары биылғы маусымда 18 рет жеңіске жетіп, 2 рет тең түскен және 2 рет жеңілген. Жалпы жиынтығы 56 ұпай жинаған Николай Гавриш жаттықтыратын команда қарсыластар қақпасына 70 гол соғып, үздік көрсеткіш көрсетті.

«Ертіс» футбол командасының шабуылшысы Арман Смаилов 19 голмен турнирдің үздік сұрмергені атанды.

Басқа спорттық жаңалықтар