Футбол

Андрес Иньеста карьерасын аяқтайтын болды

Андрес Иньеста карьерасын аяқтайтын болды
sport-xl.org

Андрес Иньеста футболшы карьерасын аяқтайтын болып шешті. 

40 жастағы испаниялық футболшы жазда «Эмирейтстен» кеткелі клубсыз жүр және мансабын аяқтауды жөн көрген екен. Иньеста мансабының басым бөлігінде 8-нөмірлі жейдемен ойнады. Сондықтан бұл шешімі туралы 8 қазан күні хабарламақ. Футболшы бұл туралы әлеуметтік желідегі ролигі арқылы меңзеді. 

Андрес Испания құрамасының намысын қорғап, «Барселона», «Виссел Кобе» және «Эмирейтс» клубында ойнаған еді. Айта кетейік, испаниялық жартылай қорғаушы Әлем және Еуропа чемпионы атанған.

Басқа спорттық жаңалықтар