Футбол
Идрис Умаев Қазақстан азаматтығын алу туралы ойын айтты

gooal.kz
«Ақтөбе» шабуылшысы Идрис Умаев BorodAbata YouTube-арнасына берген сұхбатында азаматтықты ауыстыру процесі мен Қазақстан құрамасына шақырту мүмкіндігі туралы айтты.
«Наурыздың ортасында «Қайсарға» қарсы ойнымыз болды, содан кейін үзіліс басталды. Бәрі демалыс күндеріне үйіне ұшып кетті, мен де үйге билет алдым. Кейін маған Астанадан қоңырау шалып, төлқұжат алу үшін келуімді сұрады. Нәтижесінде Қазақстанда қалып, Грекияға қарсы ойын алдында төлқұжат аламын деп үміттендім. Өздеріңіз көріп тұрғандай, олай болмады. Өз тарапымнан барлық қажетті әрекетті жасадым. Төлқұжатты тез аламын деп күткен болармын, бірақ бұл ұзақ процесс сияқты», – деді Умаев.