Футбол

Хосеп Гвардиола шабуылшы Холандтың оралуына қатысты ойын айтты

Хосеп Гвардиола шабуылшы Холандтың оралуына қатысты ойын айтты
Reuters

"Манчестер Ситидің" бас бапкері Хосеп Гвардиола команда шабуылшысы Эрлинг Холандтың сапқа оралғанын хабарлады.

6 желтоқсаннан бері жарақат салдарынан алаңға шықпаған Холанд 31 қаңтардағы "Бернлимен" АПЛ-дің 22-тур матчіне қатысуы мүмкін.

"Ол команданың осы ойындағы құрамына кіріп тұрғаны анық. Эрлинг - біз үшін өте маңызды ойыншы. Онсыз екі ай өтті, қазір ол өзін жақсы сезінуде. Бүгінгі жаттығудан кейін оның ертен командамен болатыны көрініп тұр", - деп береді Гвардиоланың сөзін The Athletic.

Басқа спорттық жаңалықтар