ММА

Жапониялық файтер 4 секундтта бір соққымен жеңіске жетті

Жапониялық файтер 4 секундтта бір соққымен жеңіске жетті
Видеодан скрин

Өте жеңіл салмақта өнер көрсететін Такая Судзуки (5-1) Токиода өткен Professional Shooto 2024 Vol. 1 турнирінде нокаутпен жеңіске жетті.

Shooto промоушені ұйымдастырған кеште Судзуки тәжірибелі отандасы Юичи Миягимен (20-14-1) жекпе-жекке шығып, төрт-ақ секундта жеңіске жетті.

Судзуки америкалық Хорхе Масвидальдің әйгілі соққысын қайталады: ол 2019 жылы UFC 239 турнирінде отандасы Бен Аскренге "ұшатын тізе" соққысын жасаған еді.

Басқа спорттық жаңалықтар