Теннис

Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанның Индор қаласында өтіп жатқан Хардкорт ITF турнирінде алғашқы жұптық кездесуін өткізді.

Грекиялық теннисші Сапфо Сакелларидимен бірге Қазақстан спортшысы жергілікті Хумера Бахармус – Смрити Бхасин дуэтімен ойнап, екі сетте 6:0, 6:3 жалпы есебімен жеңіске жетті. Матч небәрі 46 минутқа созылды.

Айта кетейік, жақында Нонтабуриде өткен ITF сериясы турнирінде 23 жастағы қазақстандық спортшы грек теннисшісімен бірге жарыс жеңімпазы атанған болатын.


Дереккөз: prosports.kz

Басқа спорттық жаңалықтар