ХК "Барыс"

Бүгін «Барыс» ҚХЛ-де «Торпедомен» ойнады

Бүгін «Барыс» ҚХЛ-де  «Торпедомен» ойнады
"Барыс" ХК

Бүгін, 30 қыркүйекте қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынды өз айдынында «Торпедоға» (Нижний Новгород) қарсы өткізеді.

Матч Астана уақытымен 19:30-дa басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 40 мәрте кездескен. Жиырма екі ойында астаналық клуб басым түскен, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Қазақстандық команда бұдан кейінгі үш ойынын сырт алаңда өткізеді. Алдымен 3 қазанда Ресейде «Спартак» (Мәскеу) командасымен ойнаса, одан кейін 5 қазанда «Авангард» (Омбы), 7 қазанда «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен шеберлік байқасады.

Басқа спорттық жаңалықтар