Ағылшын Премьер-лигасы

АПЛ-дегі жанкүйерлері ең бұзақы клуб анықталды

АПЛ-дегі жанкүйерлері ең бұзақы клуб анықталды
fanat1k.ru

Evening Standard басылымы ағылшын премьер-лигасында ең көп бұзақылық жасайтын команда жанкүйерлерін анықтады. Олардың зерттеуі бойынша, үшінші жыл қатарынан "Вест Хэм" фанаттары көш басында тұр.

"2023/24 жылғы футбол маусымында 2 584 бұзақылық іс тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға артқанын байқатады", – деп жазады басылым.

"Вест Хэм" жанкүйерлерінің қатысуымен 103 қамауға алыну ісі қаралған. Одан кейінгі орындарда – манчестерлік командалар. Олардың фанаттарына қарсы 88 іс қозғалған.

"Арсенал" (85) мен "Челси" (67) жанкүйерлері де жиі тәртіп бұзатындар қатарында болып шықты. Жанкүйерлердің көбі қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қамалған.

Басқа спорттық жаңалықтар