Шаңғы Спорты

Шаңғымен жарысу: отандық спортшылар классикалық әдіспен қандай нәтиже көрсетті

Шаңғымен жарысу: отандық спортшылар классикалық әдіспен қандай нәтиже көрсетті

Канвондағы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында бүгін қыздар мен ұлдар 7,5 шақырымға классикалық әдіспен жарысты.

Ұлдар арасындағы бәсекеде Берік Боранбаев 35, Әубәкір Тотанов 40-орыннан көрінді. Турнирге жалпы есебі 79 спортшы қатысқан.

Ал қыздар арасындағы сында Виолетта Митропольская 25, Милана Мамедов 52-ші сатыда. Жарыс жолына 78 шаңғышы шықты.

Бүгін қазақстандықтар керлингтен сынға түседі.


Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар