Футбол

Карим Бензема Роналдудың командасына қосылуы мүмкін

Карим Бензема Роналдудың командасына қосылуы мүмкін
Коллаж: РБК-Украина

Саудиялық "Әл-Иттихад" шабуылшысы Карим Бензема қысқы трансферлік кезеңде клубын ауыстыруы мүмкін.

Goal мәліметінше, Бензема саудиялық Про-лигадағы өз ойнына көңілі толмайтындықтан "Әл-Иттихад" сапынан кетпек. Клуб футболшыны басқа командаға жіберуге дайын, алайда тек Сауд Арабиясы аумағында және жалға беру құқымен ғана. Шабуылшы Эр-Риядтағы командаға ауысатыны айтылуда. Ал онда тек екі клуб бар: "Әл-Хиләл" және Криштиану Роналду өнер көрсетіп жүрген "Әл-Наср".

Еске салайық, 36 жастағы Бензема "Әл-Иттихад" сапына 2023 жылы жазда қосылды. Франциялық шабуылшының саудиялық клубпен келісімшарты 2026 жылға дейін жасалған.

Басқа спорттық жаңалықтар