Теннис

Қазақстандық Кукушкин Германиядағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық Кукушкин Германиядағы турнирді сәтті бастады
ESPN

Әлемдік рейтингте 255-орында тұрған қазақстандық Михаил Кукушкин Германияның Кобленц қаласында басталған "Челенджер" сериясындағы турнирді сәтті бастады.

Қазақстандық теннисші бірінші айналымда әлемдік рейтингіде 260-орында тұрған франциялық Максим Жанвьемен ойнады.Бұл матчте Кукушкин 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Енді қазақстандық теннисші ширек финалға жолдама үшін әлемдік рейтингте 222-ші тұрған америкалық Мартин Даммен тартысқа түседі.

Басқа спорттық жаңалықтар