Футбол

"Барселонаға" Хавидің орнына кім клетіні айтылды

twitter.com/FCBarcelona

Германия құрамасының бұрынғы бапкері Ханс-Дитер Флик жазда каталондық "Барселонаны" жаттықтыра бастауы ықтимал.

Журналист Кристиан Фальканың мәліметінше, "Баварияның" бұрынғы бас бапкері маусым аяқталысымен "Барселонадан" кететін Хавидің орнына басты үміткер. 58 жастағы маман 2023 жылдың қыркүйегінен бері жұмыссыз жүр.

"Барселона" президенті Жоан Лапорта 2021 жылы Фликке ұсыныс жасаған екен, бірақ маман одан бас тартыпты. Осыдан кейін каталондық клубты Хави жаттықтыра бастады.

Басқа спорттық жаңалықтар