Футбол

Футболдан Азия кубогінде Тәжікстан сенсация жасады

Футболдан Азия кубогінде Тәжікстан сенсация жасады
РБК

Футболдан Тәжікстан ұлттық құрамасы Катарда өтіп жатқан Азия кубогының ширек финалына шықты. Олар 1/8 финалда БАӘ құрамасынан басым түсті. 

Екі құрама арасындағы ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. 30-минутта Вахдат Ханонов тәжіктерді алға шығарды. Кездесу аяқталар тұста Катар құрамасы сапынан Халифа әл-Хаммади есепті теңестіріп кетті. Нәтижесінде ширек финал жолдамасы ойын соңындағы пенальти сериясы бойынша анықталды. 5:3 есебімен басым болған тәжіктер ширек финалға шықты. Бұл кезеңде олар Ирак және Иордания құрамалары арасындағы ойында жеңіске жеткен құрамамен кездеседі. 

Тәжік футболшылары Азия кубогының финалдық кезеңіне алғаш рет қатысуда. Алғаш рет қатыса отырып ширек финалға жолдама алу – Тәжікстан үшін сенсация. Олар топта Катар құрамасынан кейін екінші орынмен шықты. 

Басқа спорттық жаңалықтар