Футбол

Серхио Рамос Ла Лигада Мессиден асып түсті

Серхио Рамос Ла Лигада Мессиден асып түсті
Reuters

"Севилья" командасының қорғаушысы Серхио Рамос аргентиналық футболшы Лионель Мессидің Испания чемпионатындағы жетістігін басып озды. 

37 жастағы қорғаушы "Севильяның" "Осасунаға" қарсы ойынына қатысып, 521-ші кездесуіне шықты. Осылайша Мессиді артқа тастап, Ла лигада ең көп ойын өткізген футболшылар рейтингінде 8-орынға көтерілді. 

Испания чемпионатында ең көп ойынға қатысқан футболшылар – Андони Субисаррета мен Хоакин. Екеуі де 622 рет алаңға шыққан. 

Серхио Рамос 2023 жылдан бастап "Севильяда" ойнауда. Бұған дейін де (2004-2005 жылдары) бұл команда сапында доп тепкен. Биылғы маусымдағы Ла лигада 13 матчқа қатысып, 1 гол соқты. 

Басқа спорттық жаңалықтар