0

Қазақстанда Арқан тартысының федерациясы құрылды

Қазақстанда Арқан тартысының федерациясы құрылды
Sport.insure

Қазақстанда Арқан тартысының федерациясы құрылды. Жаңадан құрылған Республикалық федерацияның президенті болып Ілиясов Еркебұлан Сайдоллаұлы тағайындалды.

«Жаңа басшының тағайындалуымен «жамбы атy» спорты қарыштап дамып, елiшiлiк бiрнеше жарыс кең көлемде ұйымдастырылды. Сонымен қатар, алғаш рет «Тайтұяқ» жүлдесi сарапқа салынды. Жаңадан құрылған федерация Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына арқан тартыстан қатысатын ел құрамасын жасақтауды көздеп отыр. Осыған орай еліміздің 5 аймағында іріктеу жарыстары өтеді.

Жарыс ІІ кезеңнен тұрады: І кезең — аймақтық (орталық, солтүстік, шығыс, батыс, оңтүстік) іріктеу жарыстары;

ІІ кезең — ақтық кездесулер (финал).

Әр аймақтық іріктеуде жеңімпаз атанған командалар ІІ кезеңге жолдама алады.

1) Орталық аймақтық іріктеу: Астана қаласы 13.02.2024 ж.

2) Солтүстік аймақтық іріктеу: Көкшетау қаласы 17.02.2024 ж.

3) Шығыс аймақтық іріктеу: Семей қаласы 20.02.2024 ж.

4) Батыс аймақтық іріктеу: Атырау қаласы 24.02.2024 ж.

5) Оңтүстік аймақтық іріктеу: Тараз қаласы 28.02.2024 ж.

6) Ақтық кездесулер (финал): Астана қаласы 6-7.03.2024 ж.

Ерлер арасында: 8 спортшы, 2 алмастырушы спортшы, салмақ дәрежелері 720 келі. Әйелдер арасында: 8 спортшы, 2 алмастырушы спортшы, салмақ дәрежесі 560 келі.

Айта кетейік, Ілиясов Еркебұлан Сайдоллаұлы — «Alageum Electric» Директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақстанның электр машиналарын жасау қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрағасы, YPO Kazakhstan мүшесі. 2023 жылдан берi «Жамбы ату федерациясы» РҚБ президентi қызметiн атқарып келедi.

Басқа спорттық жаңалықтар