Футбол

Орта Азиядағы ең қымбат футболшылар белгілі болды

Орта Азиядағы ең қымбат футболшылар белгілі болды
instagram.com/besiktas/

Түркияның "Бешикташ" командасында ойнайтын қазақстандық Бахтиер Зайнутдинов Орта Азиядағы ең қымбат футболшылар тізімінде бірінші болды.

Transfermarkt порталы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдері ойыншыларының трансферлік құнын жаңартты. Өткен жылы өзбек шабуылшысы Элдор Шомурадов ең қымбат футболшы болса, биыл қазақстандық Бахтиер Зайнутдинов бірінші орынға шықты.  

Беделді интернет портал отандасымыздың трансферлік құнын 6 миллион еуроға бағалаған. Сондай-ақ алғашқы ондыққа Ресейдің "Зенит" командасында ойнайтын Нұрәлі Әліп те енген. Оның трансферлік құны – 3 миллион еуро, рейтингте 4-орынға жайғасқан. Өзге 8-і өзбек елінің футболшылары.

Орталық Азиядағы ең қымбат 10 футболшы:

Бахтиер Зайнутдинов ("Бешикташ", Қазақстан) - 6 миллион еуро,

Элдор Шомуродов ("Кальяри", Өзбекстан) - 5 миллион еуро,

Аббосбек Файзуллаев (ЦСКА, Өзбекстан) - 4 миллион еуро,

Нұралы Әліп ("Зенит", Қазақстан) - 3 миллион еуро,

Отабек Шукуров (клубы жоқ, Өзбекстан) - 2,5 миллион еуро,

Жалолиддин Машарипов ("Пансерраикос", Өзбекстан) - 1,5 миллион еуро,

Абдукадир Хусанов ("Ланс", Өзбекстан) - 1,5 миллион еуро,

Игорь Сергеев ("Патхум Ю", Өзбекстан) - 1,2 миллион еуро,

Одилджон Хамробеков ("Пахтакор", Өзбекстан) - 1,2 миллион еуро,

Хожиакбар Алижонов ("Пахтакор", Өзбекстан) - 1 миллион еуро. 

Басқа спорттық жаңалықтар